"Ордабасы" бюджеті 16 миллион доллардан аса ма?

14.03.2012, 20:47
"Ордабасы" бюджеті 16 миллион доллардан аса ма?
Қазақстан Республикасы суперкубоктік ойыннан кейін "Ордабасы" командасының футболшыларын, бапкерлерін және техникалық қызметкерлерін қабылдаған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов клуб бюджеті өсіретінін жеткізді.       Қарағандылық "Шахтерге" қарсы көрсеткен әдемі ойын үшін және бірінші турдағы жігерлі жеңісі үшін командаға алғысын білдірген Асқар Исабекұлы Ел кубогіндегі және суперкубок текетіресіндегі жеңістері елеусіз қалмайтынын айтты. Нақты айтқанда, биылғы жылға клуб бюджетін өсіру жайлы  шешім қабылданды.       Ұзынқұлақтарға сүйенсек, бүгінде "Ордабасы" футбол клубының биылғы бюджеті 16 миллион 300 мың АҚШ долларын құрайды екен. Кім біледі, "жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды" деп бекер айтпаған ғой. алаш арена
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×