«Ордабасы» директоры шымкенттік футболшылар жайлы: осыған дейін біздің жастар осыншама ойын уақытын алған емес

03.07.2025, 13:30

«Ордабасы» клубының бас директоры Асхат Сейсембек шымкенттік клубтың дамуы мен жергілікті футболшыларына қатысты жоспарымен бөлісті. 

«Ордабасы» директоры шымкенттік футболшылар жайлы: осыған дейін біздің жастар осыншама ойын уақытын алған емес
«Ордабасы» футболшылары жаттығуда

«Иә, біз біраз уақыттан бері іс жүзінде жергілікті жастарға сенім артатын болдық. Жас футболшылар қосалқы құрамнан алаңға жай шығып қана қоймай, өздерін көрсетуге толық мүмкіндік алуда. Осыған дейін біздің жастар осыншама ойын уақытын алған емес және олардың көбісі премьер-лига деңгейінде ойнай алатынын дәлелдеп үлгерді. Дұрыс жұмыс істелген жағдайда жергілікті жастар болашақтағы команданың негізі боларына сенеміз», - деді А. Сейсембек «Sport Puls-ке» берген сұқбатында. 

«Ордабасы» ҚПЛ-де 14 турдан кейін 19 ұпаймен жетінші келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×