"Ордабасы" орда бұзды

07.03.2012, 05:49
"Ордабасы" орда бұзды

Отызда орда бұзар "Ордабасы" командасы тәжірибелі ойыншылардың арқасында Қазақстанның Суперкубогының иегері атанды. Биылғы маусымға тыңғылықты дайындалған шымкенттіктер де, қарағандылықтар да тартысты матч өткізді. Чемпионның атағынан үрікпеген кубок иегерлері әдемі ойын өрнегін көрсетті. Осы матчты тамашалаған жанкүйерлер де, оның ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевта қызықты кездесудің куәгерлері атанды десек артық емес

"Шахтерге" қарағанда Қарағанды жанкүйерлерінің мазасы қашты-ау дедік. Ойынын көріп отырып, өткен жылғы чемпионның қарқыны еместігін бірден аңғардық. Әрине бұл алдамшы елес болуы әбден ықтимал. Себебі, ұзаққа шабар деген ұжымдар уақыт өте келе кәлләсіна түсетіні бар емес пе? "Ордабасының" да ойыны көпшілік көңілінен шықты. Сапындағы сырттандары сапалы екенін бірден аңғардық. Қайта мұның өзі де алдамшы елес болып қалуы ықтимал. Не де болса, қазақстандық футболсүйер жанкүйерлерді жаңа, 21-маусымның ашылуымен "Аладоп.кз" сайты шын жүректен құттықтайды. «Шахтер» — «Ордабасы» 0:1 (0:0) Гол: Әшірбеков 58 Ескертулер: Василевич 60, Каньяс 86 — Әшірбеков 54 «Шахтер»: Мокин, Киров, Василевич, Джидич, Парываев, Вичюс, Кукеев, Боровский (Лунин 64), Байжанов (Каньяс 69), Хижниченко (Досманбетов 80), Финонченко «Ордабасы»: Бекбаев, Қожабаев, Мвесигва, Ирисметов, Трайкович, Арури, Карпович, Әшірбеков, Касьянов, Пахолюк (Гуйе 80), Тәжімбетов (Бейсенов 90) 6 наурыз. Астана. «Астана-Арена».
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×