«Ордабасы» өз алаңында «Тұраннан» жеңіліп қалды

05.09.2022, 03:00
Шымкенттік клуб қатарынан үшінші матчта жеңілді.
«Ордабасы» өз алаңында «Тұраннан» жеңіліп қалды

«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының 18-турында «Тұранмен» күш сынасты. Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен кездесу 1:2 есебімен түркістандық клубтың пайдасына шешілді.

Ойынның 33-минутында Бекзат Қабылан есеп ашып еді, жеті минуттан кейін Олжас Керімжанов командасының екінші голын соқты. 47-минутта «Тұранның» жартылай қорғаушысы Олег Евдокимов қызыл қағаз алды. Осыны пайдаланған «Ордабасы» қорғаушысы Карам Сұлтанов есеп айырмасын қысқартты. 80-минутта Эльхан Астановта гол соғатын мүмкіндік болып еді, бірақ ол пенальтиді сәтсіз орындады.

«Ордабасы» – «Туран» – 1:2

«Ордабасы»: Бекхан Шайзада (қ) – Никита Шершнёв, Сағадат Тұрсынбай, Карам Сұлтанов, Доминик Динга, Самат Шәмші (к) – Виктор Брага, Александр Батищев – Эльхан Астанов, Серж Нюадзи, Всеволод Садовский;

Қосалқы құрам: Тимурбек Закиров (қ) – Акмаль Бахтияров – Дмитрий Бородин, Муроджон Халматов, Зикрилло Сұлтаниязов – Хамза Якуди, Шохбоз Умаров, Максим Федин, Батырхан Тәжібай, Луис Гедеш;

«Тұран»: Ержан Токотаев (қ) – Олжас Керімжанов, Касымжан Таипов, Тимур Рудосельский, Лев Скворцов – Абдуллай Диакате (к), Михаил Башилов, Олег Евдокимов – Шохан Абзалов, Бекзат Қабылан, Самир Фазли;

Қосалқы құрам: Бекжан Токтарбай (қ), Дінмұхаммед Жомарт (қ) – Руслан Жанысбаев, Звонко Чеклич, Андрей Залеский – Артём Гуренко, Арман Нүсіп, Азат Нұрғалиев, Оливейра Жоалисон – Алияр Мұхаммед, Темірлан Әміров, Кехинде Фатаи;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×