«Ордабасы» «Шахтерді» ойсырата ұтты

03.09.2013, 02:51
«Ордабасы» «Шахтерді» ойсырата ұтты

Чемпиондар лигасында еліміздің абыройын аспандатқан «Шахтер» бұл кездесуге толық дайын болмай шықты. Глазгодағы ауыр жеңіліс Кумыков жігіттерінің рухын түсіріп тастағандай.

Қарағандының «Шахтер» командасы үшін «Ордабасы» өтеқолайсыз қарсылас. Соңғы екі-үш жыл көлемінде бұл клубтардыңжекпе-жектерінде шымкенттіктер жиі жеңіске жетіп жүр. Биыл да жерлестеріміз кеншілерді сырт алаңда 1:3 есебімен ұтқанымен бір келеңсіз жағдайға байланысты Қазақстан футбол федерациясы «Ордабасыға» жеңіліс жазған болатын. Ал, жексенбідегі бәсекеде Виктор Пасульконыңшәкірттері қарағандылықтарды 4:0 есебімен ойсырата ұтып, «кек» қайтарды. Чемпиондар лигасында еліміздің абыройын аспандатқан «Шахтер» бұл кездесуге толық дайын болмай шықты. Глазгодағы ауыр жеңіліс Кумыков жігіттерінің рухын түсіріп тастағандай. Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ«Ордабасы» футболшылары ойын тізгінін қолдарына алып, Мокин қорғағанқақпаны торауылдады. Бұл ұмтылыстар жемісін беріп 9-шы минутта Мұхаммед Арури баспен әдемі гол соғып есеп ашты. Екінші кезеңде де жерлестеріміз жасындай жарқылдады. Әсіресе, жартылай қорғаушы Азат Нұрғалиев жарады. Жебедей зулаған бұл ойыншы ойынның 49 және 55-ші минуттарда есепті 3:0-ге жеткізді. Бұдан кейін де жерлестерімізде гол соғатын мүмкіндіктер болды. Ал, негізгі құрам ойыншыларын әкелген «Шахтер» бұл күні түк бітіре алмады. Тіпті, гол соғатын бір мүмкіндігі де болмады. Есесіне қарымта шабуылда керемет ойнаған жерлестеріміздің команда капитаны Қайрат Әшірбеков 81-минутта алыстан тамаша гол соғып, есепті 4:0-ге жеткізді. Бір айта кетерлігі, қарсыластың қарқынына төтеп бере алмаған «Шахтер» футболшылары дөрекі ойнап, сабырсыз екендіктерін аңғартып алды. Нәтижесінде Дидар Сыдықбек пен Азат Нұрғалиев жарақат алып, кездесудіңсоңына дейін ойнай алмады. Осы жеңістен кейін ұпай санын 21-ге жеткізген «Ордабасы» турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді. Көш басында 27 ұпайдан жинаған «Ақтөбе» мен «Астана» тұрса, үшінші орындағы «Шахтерде» 22 ұпай бар. Демек, бұл клубтарды қуып жетіп, жүлделі орындардың бірін иемденуге болады. Ойын соңындағы баспасөз мәслихатында «Ордабасының» бас бапкері Виктор Пасулько: «Өткен жолы «Астанаға» қарсы кездесуде төрешілер шеберлігімізді толық көрсетуге мүмкіндік бермеді. Біз үздік үштікке кіру үшін бар күшімізді салудамыз. Бірақ, неге екенін білмеймін, «Ордабасыны» көпшілігі жақтырмайды. Ал, бүгін біз қарсыласты таза ұттық. Өткен жолы да ұтқан болатынбыз. «Шахтер» негізгі құрамдағы ойыншыларын шығарды. Футболшыларымыз да жанкүйерлеріміз де бұл жеңіске әбден лайық. Өздеріңіз көргендей бұл ойынға 8қазақ футболшысын шығардым. Командада бәсекелестік бар. Кездесу алдында жігіттерге жанкүйерлер үшін жеңіске жетуіміз керек дедім. Олар сенімді ақтады»,-деді. Енді «Ордабасы» 15 қыркүйекте өз алаңында Алматының «Қайратын»қабылдайды.   Ғабит САПАРБЕКОВ, арнайы «Алашарена» үшін Шымкенттен
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×