Жұма күні Қазақстан біріншілігінің 25-турының төрт кездесуі ойналды. Алғашқы алтылыққа енген Қазақстанның екі бас қаласының командалары өзара кездесті.
Жұма күні Қазақстан біріншілігінің 25-турының төрт кездесуі ойналды. Алғашқы алтылыққа енген Қазақстанның екі бас қаласының командаларыөзара кездесті.
Владимир Вайсс жігіттері «Астананың» қақпасын кездесу бойы торуылдағанымен, үш ұпай «Астанаға» бұйырды. Олай дейтін себебіміз, «Астана» футболшылары «стандарттарды» тиімді пайдаланып екі гол соқты.
Алдымен черногориялық легионер Дамир Кояшевич айып соққысынан Давид Лорияны қапы қалдырды. Ал екіншісін бұрыштама добынан кейін Сергей Остапенко баспен дәл бағыттады.
«Қайрат футболшылары кездесу соңына қарай, Сиссейдің көмегімен бір доп соға алды. Одан әріге алматылықтардың шамасы жетпеді.
Екінші алтылықтың көшбасшысы «Тобыл» сырт алаңда «Востоктың» қапасына жауапсыз төрт доп соқты.
Өз кезегінде «Таразда» есін жинап келеді. Бұл жолы Пайперс шәкірттері «Ақжайықты» ірі есеппен ұтты.
Оралдық команданың қазіргі бапкері Лбюко Петрович өзінің бұрынғы командасына қонақ барып осылайша ұтылып келді.
«Атырау» мен «Жетісу» арасындағы кездесуде есеп ашылмады. Ертен «Ордабасы» мен «Шахтер» және «Ертіс» пен «Ақтөбе» өзара кездеседі.
Ойындар нәтижесі:
«Восток» – «Тобыл» –0:4
Голдар: Красич, 28 (0:1). Куртиши, 32- пенальтиден (0:2). Бугаев, 42 (0:3). Бугаев, 52 (0:4).
«Қайрат» –«Астана» – 1:2
Голдар: Кояшевич, 22 (0:1). Остапенко, 67 (0:2). Сисей, 79 (1:2).
«Атырау» – «Жетісу» – 0:0
«Тараз»– «Ақжайық» –3:0
Голдар: Мехмедович, 39 (1:0). Диакате, 53 (2:0). Евстигнеев, 71 (3:0).
Бек Төлеуов