«Шахтер» Шымкентке келді

31.08.2013, 22:20
«Шахтер» Шымкентке келді

АСТАНА. 30 тамыз. BAQ.KZ - Қарағандылық «Шахтер» командасы Шымкентке келді, алайда олардың арасында футбол клубының бас жаттықтырушысы Виктор Кумыков пен команданың директоры Ұлықбек Асанбаев болмады, деп хабарлайды «Қазақстан» ҰТА-ның сайты Vesti.kz. порталына сілтеме жасай отырып.

 

1 қыркүйекте «Шахтер» командасы Шымкентте жергілікті «Ордабасы» командасымен кездеседі. Естеріңізге сала кетейік, 29 тамызда «Селтик Парк» стадионында «Шахтер» шотландиялық «Селтик» командасымен кездесіп, 0:3 есебімен жеңілген болатын. Нәтижесінде шотландиялық клуб Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өтті. Ал бірінші матчта жерлестеріміз қарсыласын 2:0 есебімен жеңген еді
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×