«Ордабасы» тағы екі кездесу өткізді

27.02.2013, 02:17
«Ордабасы» тағы екі кездесу өткізді
1341508768-148«Ордабасы» футбол клубының президенті Қайсар Әбдірайымовтың мәлімдеуінше команда жаңа маусымға жүз пайыз дайын. Шабуыл шебіне грузин легионері Давит Чагелашвили құрамаға қабылданды. 4 наурыз күні футболшылардың қандай номермен жасыл алаңға шығатыны белгілі болады. Түркияның Анталия қаласында жаттығып жатқан Шымкентттің «Ордабасы» командасы тағы екі кездесу өткізді. Алғашында олар Арменияның «Ширак »командасымен кездесіп 2-2 есебімен тең тарқасқан. Екінші жолдастық кездесуде Украинанның «Сталь» футболшыларына 0:2 есебімен есе жіберді. Арменияның «Ширак» командасына қарсы ойынды жігерлік танытқан жерлестеріміз жеңіліп жатқан жерінен есепті теңестіріп кетті. "Ордабасы" сапында команда капитаны Қайрат Әшірбеков пен Санат Жұмаханов гол салды. Санат 11 метрлік айып добы арқылы есепті теңестіргенін айта керу керек. Айып добын орындаудың шебері өз жолынан жаңылмаса ,биыл мерген ойыншылардың қатарынан көрінуі мүмкін. Екінші кездесуде Вахид Масудов шәкірттері Украина футболшыларына қарсы тұра алмады. Бұл күні жаңбырдың тоқтамауы да ойынның біздің пайдамызға шешілмеуіне себеп болды десек артық емес. «Ордабасы» футболшылары қорғанысқа көп көңіл бөлеміз деп екі доп жіберіп алды. Футбол жанкүйерлері асыға күтіп жүрген ел чемпионаты 9-наурыз күні сағат 15.00 басталады. «Ордабасы» өз алаңында алғаш болып Павлодардың «Ертісін» қабылдайды. «Ордабасы» футбол клубының президенті Қайсар Әбдірайымовтың мәлімдеуінше команда жаңа маусымға жүз пайыз дайын. Шабуыл шебіне грузин легионері Давит Чагелашвили құрамаға қабылданды. 4 наурыз күні футболшылардың қандай номермен жасыл алаңға шығатыны белгілі болады.   Ілияс Жолдас, Түркиядан Қосқан: Ернат Темірбеков
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×