«Ордабасы» Тәжікстан құрамасының ойыншысын қатарға қосты

19.07.2021, 23:43
22 жастағы футболшы жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсетеді.
«Ордабасы» Тәжікстан құрамасының ойыншысын қатарға қосты

Футболдан Тәжікстан құрамасы мен душанбелік "Истиклол" командасының жартылай қорғаушысы Мухаммаджон Рахимов  "Ордабасы" командасына қосылды. Бұл туралы Sports.tj порталы хабарлап отыр. 

2018 жылы ол "Баркчи" командасында кейін "Хосилот" ұжымында ойнаған. Содан кейін 2018 жылдың екінші жартысында "Истиклол" клубына қосылған. 

Рахимов Тәжікстан құрамасының негізгі ойыншысы болып табылады. Ол ұлттық құрамадағы дебютін 2016 жылдың қыркүйегінде жасады. Содан бері өз елінің негізгі командасында 32 матч өткізді.

Transfermarkt басылымы 22 жастағы жартылай қорғаушыны 275 мың еуроға бағалап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×