Шымкенттік "Ордабасы" Премьер-лиганың 14-турында Талдықорғандық "Жетісудан" басым түсті. Талғардағы Ұлттық құраманың базасында өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды.
"Ордабасы" капитаны Пабло Фонтанелло 7-минутта Жоао Паулоның нәтижелі пасынан кейін есеп ашты. Ал 18-минутта Абдуллай Диакате пенальтиді сәтті орындап, есепті еселеді. 66-минутта Рубен Бриджидоның бағыттаған соққысын қақпашы Шабаев тоса алмай, голға айналдырды. Ал 73-минутта қосалқы құрамнан шыққан Айбар Жақсылықов гол соғып, есепті қысқартты.
Бұл ойыннан кейін "Ордабасы" 24 ұпаймен екінші орынға көтерілді. "Жетісу" 16 ұпаймен жетінші орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: FONBET