"Ордабасыға" нигериялық шабуылшы келді

15.07.2011, 22:59
"Ордабасыға" нигериялық шабуылшы келді
Бабаджиде Коллинс Бабатунде «Ордабасы» командасының шабуыл шебін күшейту үшін шақырылып отыр екен. Бабаджиде Коллинс «Ибидей» клубының түлегі. 2006 жылы 16 жастағы оны «Икаст» командасы сатып алады. Данияның «Мидтъюлланд» командасында нигериялық 2 маусым өнер көрсетеді. Кейін төмен көрсеткіштеріне байланысты «Вейле» командасына жалға кетеді. Ал ол команда Данияның 2-девизионында ойнап жүрген клуб. Келесі маусымда ойыншы «Мидтъюлланд» сапына қайта оралады. 2010-жылы «Алания»  Бабаджидені жалға алады. Міне, содан кейін, жасарын жасап, асарын асап болған қара нәсілді аяқдопшы Шымкентке қарай ат басын бұрыпты. Агенттері "Ордабасы" басшыларымен келісіп, осы маусым соңына дейін нигериялық шабуылшыны Қазақстанда өнер көрсетуге келістіріпті. Елімізде жүрген өзге де маржан емес қара нәсілді ойыншылардан асып бара жатқан дәнеңесі жоқ, ортаңқол ойыншы болып шықпаса екен деп отыр "Ордабасы" жанкүйерлері.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×