«Ордабасының» көшбасшы ойыншылары командадан кетті

02.01.2022, 21:59
Екі ойыншыға да жаңа келісім-шарт ұсынылмады.
«Ордабасының» көшбасшы ойыншылары командадан кетті

33 жастағы сенегалдық жартылай қорғаушы Абдуллай Диакате мен 26 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Еркебұлан Тұңғышбаев «Ордабасы» клубынан кетті, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Екі ойыншының да клубпен келісім-шарттары аяқталды. Қаржылық қиындықтарға байланысты шымкенттіктер көшбасшы фктболшыларын командада сақтап қала алмады.

Абдуллай Диакате «Ордабасы» сапында 2016 жылдан бері өнер көрсетті. Осы уақытқа дейін 174 матч өткізіп, 26 гол соқты, 7 нәтижелі пас берді.

Тұңғышбаев өткен маусымның басында «Ордабасыға» қайта оралған еді. Маусым айының аяғында ауыр жарақат алып, 3 айдан астам уақыт бойы алаңға шыға алмады. Еркебұлан өткен жылы 19 кездесу өткізіп, 4 гол соққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×