«Тобыл» үш легионер футболшыға жаңа келісім-шарт ұсынбады

02.01.2022, 22:10
Өткен маусымда үш ойыншы да негізгі құрамға жиі ілікпеді.
«Тобыл» үш легионер футболшыға жаңа келісім-шарт ұсынбады

KazFootball.kz сайтына белгілі болғандай, қостанайлық «Тобылдың» үш футболшысы командадан кетті.

2021 жылдың 31 желтоқсанында «Тобылдың» үш ойыншысының: Тони Силва, Жереми Манзорро және Эльгуджа Лобжанидзенің келісім-шарты аяқталды.

28 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы Тони Силва «Тобылға» өткен жылдың басында қосылған еді. Содан бері 34 матч өткізіп, 2 гол мен 2 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.

Жереми Манзорро «Тобыл» сапында 44 кездесу өткізіп, 7 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді. Бұған дейін Қазақстанда «Ертіс» клубының намысын қорғаған (26 матч, 6 гол).

«Тараз» пен «Қайсардың» бұрынғы шабуылшысы Эльгуджа Лобжанидзе қостанайлық клуб сапында 29 ойынға қатысты (4 гол, 4 нәтижелі пас).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×