Месут Озил түркиялық клубты сатып алғысы келеді

02.01.2022, 17:45
Оны сатып алу үшін Озил өзінің жарты жылдық жалақысын жұмсамақ.
Месут Озил түркиялық клубты сатып алғысы келеді

«Фенербахченің» жартылай қорғаушысы Месут Озил түркиялық клубты сатып алуы мүмкін, деп хабарлайды Bild басылымы.

Дереккөздің хабарлауынша, Озил үшінші дивизионда өнер көрсететін «Корум» футбол клубын сатып алуға ниетті. Жартылай қорғаушы клуб үшін 1,3 миллион еуро төлей алатынын хабарлады. Озилдің «Фенербахчедегі» жыллық жалақысы 3 миллион еуроны құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 24 қаңтарында Озил «Фенербахчеге» ауысқан еді.

Түркия Суперлигасының ағымдағы маусымында Озил 16 матчқа қатысып, 7 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×