«Монако» бас бапкерін қызметінен босатты

02.01.2022, 16:17
Мұның басты себебі және оның орнын басатын бапкердің есімі белгілі болды.
«Монако» бас бапкерін қызметінен босатты

Франциялық «Монаконың» бас бапкері Нико Ковач қызметінен босатылды. Бас бапкердің міндетін уақытша Стефан Надо атқаратын болады. Бұл туралы «Монаконың» ресми сайтында хабарланды.

50 жастағы Ковач франциялық команданы 2020 жылдың жазында қабылдаған болатын. Хорватиялық маманның жетекшілігімен «Монако» 74 кездесу өткізіп, оның 43-інде жеңіске жетті, 16-сында жеңіліп, 15-інде тең түскен.

Ковачтың қызметінен босатылуына оның Франция құрамасының ойыншыларымен қарым-қатынасының нашарлауы себеп болған. «Монаконың» жаңа бас бапкері бельгиялық Филипп Клемент болуы мүмкін деген деген де ақпараттар бар.

Ел біріншілігінде «Монако» 19 турда 29 ұпай жинап, турнир кестесінде алтыншы орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×