«Манчестер Юнайтед» Аргентина чемпионатының үздік сұрмергенін сатып алмақшы

02.01.2022, 14:14
Манчестерлік клуб өтемақыда көрсетілген соманы төлеуге дайын.
«Манчестер Юнайтед» Аргентина чемпионатының үздік сұрмергенін сатып алмақшы

«Ривер Плейттің» шабуылшысы Хулиан Альварес жақында «Манчестер Юнайтед» ойыншысы атанады. Англиялық клуб 21 жастағы аргентиналық футболшыны өтемақыда көрсе ілген соманы төлеу арқылы сатып алмақ. Бұл туралы журналист Педро Альмейда хабарлады.

«Манчестер Юнайтед» скауттары «Ривер Плейттің» «Колонға» қарсы (4:0) ойынына қатысып, шабуылшыны бақылаған екен. Бұл кездесуде Альварес екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Футболшыға «Атлетико» мен «Севилья» да қызығушылық танытуда.

Альварес - «Ривер Плейттің« түлегі. Ойыншының клубпен келісімшарты 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін есептелген. Transfermarkt порталының мәліметінше, ойыншының нарықтағы құны 20 миллион еуроны құрайды.

Аргентинадағы чемпионатының ағымдағы маусымында Альварес 21 кездесуге қатысып, 18 гол соқты, одан бөлек, 7 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×