«Арсенал» Премьер-лиганың антирекордын орнатты

02.01.2022, 03:42
Бүгін олар соңғы минутта гол өткізіп алып, ұпайсыз қалды.
«Арсенал» Премьер-лиганың антирекордын орнатты

Бүгін, 1 қаңтарда Лондондағы «Эмирейтс» стадионында «Арсенал» Англия Премьер-лигасының 21-туры аясында «Манчестер Ситиді» қабылдады. Матч 2:1 есебімен «қалалықтардың» пайдасына шешілді.

59-минутта «Арсеналдың» қорғаушысы Габриэль екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Осылайша, лондондық клуб Премьер-лигада 100 қызыл қағазға ие болған алғашқы клуб атанды. Бұл туралы Opta статистикалық порталы мәлімдеді.

«Арсеналдың» ойыншылары Микель Артетаның жетекшілігімен өткізген 78 матчта 11 мәрте алаңнан қуылған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×