Өзбекстан, Қазақстан немесе Беларусь? Қай чемпионат мықты? Үш лигада ойнаған футболшының пікірі

05.05.2025, 11:56

«Тұранның» жартылай қорғаушысы Әбинұр Нұрымбет Беларусь, Өзбекстан мен Қазақстан чемпионаттарын салыстырып, ой-пікірін айтты.

Өзбекстан, Қазақстан немесе Беларусь? Қай чемпионат мықты? Үш лигада ойнаған футболшының пікірі
Әбинұр Нұрымбет

Бұл туралы Vesti.kz мәлімдеген болатын.

«Беларусьте жоғары дивизиондағы алғашқы қадамдарымды жасадым. Жергілікті бапкерлердің ересек футболға бейімделуімде ерекше қолдау білдіргенін айта кету керек.

Өзбекстанда футболшылардың басым бөлігі ерекше техникаға ие және сол өнерін олар жоғары жылдамдықта көрсете біледі. Қазақстан біріншілігімен салыстыру әлі ерте, мұндағы чемпионат енді басталып жатыр», - деді жартылай футболшы ҚФФ-ның баспасөз-қызметіне берген сұқбатында.

Айта кетейік, ҚПЛ-2025-те Әбинұр Нұрымбет түркістандық клуб сапында барлық матчта өнер көрсетті. Былтыр Беларусь чемпионатында доп тепкен ойыншы «Тұранның» негізгі футболшысына айналып келеді. Түркістандық ұжым 7 турдан кейін 8 ұпаймен сегізінші сатыға жайғасқан.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×