«Паланга кубогында» ойнаймыз

18.08.2011, 16:50
«Паланга кубогында» ойнаймыз
Тамыздың 23-і мен 27-сі аралығында Литваның Паланга қаласында футболдан жасөспірімдер арасындағы «Паланга кубогы» халықаралық турнирі өтеді. Бұл дүбірлі додаға Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы да қатыспақ. Осы турнирге байланысты дайындық ретінде бүгінде жасөспірімдер құрамасы Алматы маңындағы футбол базасында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Аға жаттықтырушының ассистенті қызметін атқаратын Николай Стоякин бұл жиынға 25 футболшыны шақырыпты. Дайындық кезеңінде жасөспірімдеріміз 20 тамызда Алматының «Цеснасымен» жолдастық кездесу өткізеді. 22 тамызда Алматы әуежайы арқылы Литваға ұшып, ертеңінде украиналық құрдастарымен кездеседі. Екінші ойыны 24 тамыз күні дода қожайындары Литваға қарсы өтсе, тамыздың 26-сында Молдова құрамасымен шеберлік байқасатын болады. Бұл құрамалар «А» тобын құрады. Ал «В» тобында Белоруссия, Латвия, Әзірбайжан және Грузия құрамалары бар. Финалдық ойындар 27 тамызға белгіленген. Айта кетейік, бейресми ақпарат көздеріне сүйенсек, 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Оливер Пельцер әлі күнге дейін Германияда емделуде екен. Оның бұл турнирге үлгермейтіндігі де айтылуда. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Қақпашы: Владислав Фролов (Оқжетпес), Михаил Голубничий (Ертіс), Андрей Арабок (ЦСКА). Қорғаушылар: Жошыхан Қанатов (Қайрат), Мәдияр Нұралы (Тараз), Руслан Жанысбаев (Каспий), Дмитрий Моисеев (Шахтер), Қасымжан Тайыпов (Цесна), Әділет Құдайберген (Тараз), Қасым Шаймұрат (ЦСКА). Жартылай қорғаушылар: Владимир Воменко (Ертіс), Иван Антипов (Ақжайық), Рафаэль Әлиев (Ертіс), Олег Лебедев (Оқжетпес), Әнуар Жағыппар (Цесна), Әлішер Сүлей (Динамо-Киев), Әлемжан Тұржанов (Қайсар), Әділ Балғабаев (Астана), Алмас Әбдірахманов (Тараз), Алтынбек Сапаров (Атырау), Рустам Сахибов (Ақтөбе). Шабуылшылар: Владислав Морозов (Восток), Абат Айымбетов (Ақтөбе), Борис Донченко (Цесна), Біржан Сағындық (Ертіс). Автор: Арсен Жанаділ Сурет: ffk.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×