Испания суперкубогі каталондықтарға бұйырды + (видео)

18.08.2011, 18:40
Испания суперкубогі каталондықтарға бұйырды + (видео)
Испания суперкубогі.Эль Класико. Камп Ноу төрінде болған қызығы мен шыжығы мол бұл кездесу тарихта үлкен әріптермен жазылары хақ.Тартысты ойын, Жозе мен Пеп арасындағы бітіспес дау, Месси мен Роналду арасындағы бәсекелестік, ойын аяғындағы қақтығыс - бұның бәрі нағыз Эль Класикоға ғана лайықты. Ойын қос клуб арасындағы алма-кезек шабуылдармен басталды. Осындай шабуылдардың бірінде Месси Иньестаға әдемі пас шығарып, Иньеста болса ойланбастан допты Икер қақпасына енгізе салды. Араға төрт минут өтпестен Бенземаның айып алаңынан алға бағыттаған добын Роналду бестікпен қарсыластар қақпасына сүңгітіп, есепті теңестіріп кетті. Ал, тартысты ойын одан әрі жалғаса түсті. Алғашқы таймның соңғы минутындағы Пикенің тамаша пасын сәтті пайдаланған Месси есепті 2:1-ге жеткізді. Бұны күтпеген, Жозе шәкірттері есепті теңестіру үшін соңғы демі қалғанша тырысып бақты. Олардың бұл арманы ойынның 82-минутында ғана орындалды. Кака орындаған бұрыштама добы "Барселона" айып алаңында біраз толқу тудырды. Осы сәтті Бензема өз пайдасына шешті. Дей тұрғанмен, олардың бұл қуанышын Фабрегас, Адриано, Месси - бәрі бірігіп жүріп су сепкендей басты. Адрианоның айып алаңына асырған пасын Месси голға айналдырды. Есеп 3:2 Алайда ойын бұнымен бітпеді. Марселоның дөрекі қимылы ойын соңын қақтығысқа ұластырды. Бұл сәтті жеңілістің ащы дәмін сезген Жозеде өз пайдасына шешіп, Пептің көмекшісі Тито Вилановтың бетін қолымен нұқып қалды. Дегенмен, бұны көбі ескермей де қалды. Борбалан болса қалтасынан қан-қызыл түсті қызыл қағаздарды шығарып, ерегіске қызу араласқан Марсело, Өзіл сондай-ақ қосалқы құрам орындығында отырған Вильяға сыйға тартты. Ойын аяқталды. Сонымен Хосеп Гвардиола тәлімгерлері Испания суперкубогін оныншы мәрте ұтып алды. Ризуан Азамат "Барселона" - "Реал" 3:2 (2:1) Голдар: Иньеста, 14, Месси, 44, 88 – Криштиану Роналду, 19, Бензема, 82 "Барселона": Вальдес, Алвес, Пике, Маскерано, Абидаль, Бускетс (Кейта, 86), Хави, Иньеста, Месси, Вилья (Адриано, 73), Педро (Фабрегас, 83) "Реал": Касильяс, Рамос, Пепе, Карвалью, Коэнтрау, Хаби Алонсо, Хедира (Марсело, 46), Ди Мария (Игуаин, 64), Озиль (Кака, 78), Криштиану Роналду, Бензема Сары қағаз: Хави, 41, Маскерано, 53, Вальдес, 90+3 – Хедира, 27, Криштиану Роналду, 53, Марсело, 54, Пепе, 63, Рамос, 77, Коэнтрау, 85 Қызыл қағаз: Вилья (қосалқы құрам),  Марсело, , Өзіл - 90+4 (статистика www.ua-football.com сайтынан алынды.)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×