Пауло Дибала: "Менiң арманым - Мессимен бiр клубта өнер көрсету"

08.01.2015, 21:42
Пауло Дибала: "Менiң арманым - Мессимен бiр клубта өнер көрсету"
"Пальермо" клубының шабуылшысы Пауло Дибала "Барселона" форварды Лионель Мессимен бiр клубта ойнағысы келетінiн айтты. Дибала: "Менiң арманым - Мессимен бiр клубта өнер көрсету, ол барлық уақытта үздік болып қалады. Маған "Интер", "Боруссия", "Барселона" және "Арсенал" клубтары қызығушылық танытты, әрбір ойыншы үлкен клубта ойнағанды қалайды. Әрине, маған Италия футболы ұнайды, сонымен қатар Англия премьер лигасы да ұнайды. АПЛ-да барлық клуб қорғаныспен қоса шабуылда да керемет ойнайды, ал А Сериясында ондай емес. Бір қызығы Англияда жүлде үшін бiрнеше клубтар таласады, Испанияда да сондай. Бәлкім менiң бұлай айтқаным дұрыс болмас, бірақ менiң қазірден басқа клубқа ауысқым келеді. Менiң келiсiм шарт мерзімім әлi бар, бірақ мен осы клубта бақыттымын" ,- деді Дибала.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×