Перу құрамасы Америка Кубогы- 2015 додасында үшінші орын иегері атанды. Қола жүлде үшін тартыста Перу футболшылары Парагвайды 2-0 есебімен тізе бүктірді. Бірінші голды 48 минутта Андре Каррильо салса, ойың соңына қарай Паоло Герреро таблодағы есепті 2-0 жеткізді. Осылайша Жартылай финалда Чилиге жол берген Перуліктер қола жүлдені қанағат тұтты.
Паоло Герреро матчтың үздік ойыншысы
Америка кубогы- 2015
3- ші орын үшін болған матч
Перу – Парагвай – 2:0 (0:0)
Голдар: Каррильо, 48 (1:0). Герреро, 89 (2:0).
Перу: Гальесе, Адвинкула, Аскуэс, Рамос, Варгас, Каррильо (Уртадо, 90+2), Баллон, Лобатон (Йотун, 58), Куэва, Рейна (Санчес, 84), Герреро.
Парагвай: Вильяр, Касерес, Да Сильва, Агилар, Самудио, Бобадилья, Касерес (Аранда, 59), Ортигоса (Ортис Бусто, 64), Мартинес (Бенитес, 57), Ромеро, Барриос.
Ескертулер: Самудио, 38. Йотун, 85. Санчес, 88.
Стадион Municipal Alcaldesa Ester Roa Rebolledo.
Ерден НҰРАХМЕТ