Петр Чех «Челсидан» кетуі мүмкін

12.06.2014, 08:29
Петр Чех «Челсидан» кетуі мүмкін
Тәжірибелі қақпашы Петр Чехтің «Челси» командасындағы дәуірі аяқталуға жақын. «Ақсүйектер»  енді бельгиялық жас қақпашы Тибо Куртуаға сенім артпақшы.  32 жасар қақпашы Чемпиондар Лигасында тізесінен жарақат алып, маусымды уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Жозе Моуриньо "Атлетикомен" Испания чемпионы атанған Тибо Куртуаны жаңа маусымда алаңға негізгі қақпашы есебінде шығаруды ойластырып отырған көрінеді. Ал чехиялық қақпашының  «Челси» командасымен келісім - шарт мерзімі 2 жылдан кейін аяқталатынын ескерсек, Чех «Реалдағы» Касильястың күнін кешуі ғажап емес. Чехтың «Челсида» қалу - қалмауы алдағы уақытта белгілі болады. «Челси» Куртуамен 5 жылдық келісім - шарт жасасуды жоспарлап отыр.   Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×