Пирло мен Джеррард Еуропаға орала ма?

05.11.2015, 19:36
Пирло мен Джеррард Еуропаға орала ма?
Италия мен Англия футболының тірі аңыздары жазда MLS-ке кеткен еді.  "Интердің" бас бапкері Роберто Манчини 36 жасар Андреа Пирлоны өз командасында көргісі келеді. Клуб басшылығы футболшыны жалға алуға ниетті. Андреа Пирло "Нью-Йорк Сити" клубына тиесілі. Америкалық клуб сапына Пирло "Ювентустан" ауысып барған болатын. Ал, "Ливерпульдің" мәңгілік капитаны Стивен Джеррард, Юрген Клооппен келіссөз жүргізген көрінеді. Стивен неміс бапкерінің қол астында 15-ші қаңтарға дейін жаттыққысы келеді. Еске сала кетсек, MLS бүгінде ұзақ үзіліске кетті. Сондықтан, чемпионатта өнер көрсететін футболшылар өз бабында болу үшін 2-3 айға Еуропадан клубтар іздейді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×