Поль Погба «Манчестер Юнайтедтен» кетті

01.06.2022, 23:58
Футболшының «қызыл сойқандармен» келісім-шарт мерзімі аяқталды.
Поль Погба «Манчестер Юнайтедтен» кетті

Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Поль Погба «Манчестер Юнайтедтен» еркін агент ретінде кетті.

«Клубтағылардың барлығы Погбаны сәтті мансабымен құттықтап, «Манчестер Юнайтедтің» дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтқысы келеді. Біз оған сәттілік тілейміз», - делінген команданың ресми сайтындағы мәлімдемесінде.

29 жастағы Погба 16 жасында «қызыл сойқандардың» академиясында тәлім алды. 2012 жылы «Ювентусқа» кетті, бірақ 2016 жылы «Манчестер Юнайтед» футболшыны 105 миллион еуроға сатып алды. Манкуниандық клуб үшін Поль 233 матчта 39 гол соғып, 51 нәтижелі пас берді. Француз футболшысы командамен бірге Англия лигасының кубогін және Еуропа лигасын жеңіп алды.

Айта кетейік, Погбаға «Ювентус» пен ПСЖ қызығушылық танытуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×