Португалиялық футболшы "Астана" командасына келуі мүмкін

22.10.2014, 05:26
Португалиялық футболшы "Астана" командасына келуі мүмкін
Португалиялық футболшы Тони Сильва жақын арада елордалық "Астана" командасына ауысуы ықтимал. Қазақстандық команданың бас бапкері Станимир Стоилов осы футболшыны өз командасында көргісі келеді екен. Болгариялық ЦСКАда өнер көрсететін бұл футболшыны Стоилов Болгария чемпионатында қызмет етіп жүрген кезде байқап қалған екен. Мамандардың айтуынша футболшының трансферлік құны "Астана" футбол клубы үшін аса қатты үлкен сома емес. Тони Сильваға бұрынырақта бельгиялық "Брюгге", португалиялық "Спортинг" командалары қызығушылық танытқан. Сол кезде бұл футболшының құны 1 млн. долларға бағаланған.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×