Премьер-лига ойындары

11.06.2013, 17:06
Премьер-лига ойындары
1341508768-148 Алдағы жұмада, яғни 14 маусым күні футболдан Премьер-лига командаларының арасында Қазақстан чемпионатының 15 тур ойындары өтеді деп хабарлайды  футбол федерациясының сайты.

Елордада түндігі түрілетін турда «Астана»  қарағандылық «Шахтермен» кездеседі. 18:00-де басталатын ойынмен бірдей уақытта Тараз қаласында да кездесу өткізіліп, тараздық футболшылар Шымкенттің «Ордабасымен» ойнайды.

 Ал, 19:00-де 15 турдың тағы үш матчы басталады. Павлодарда «Иртыш» оралдық «Ақжайықты» қабылдаса, Талдықорғанда «Жетісу»  «Ақтөбемен», Қостанайда «Тобыл» алматылық «Қайратпен» бәсекеге түседі.

Атырауда жергілікті команда өскемендік «Шығыспен» ойын өткізбекші. Матчтың басталу уақыты 19.30-ға белгіленуде.

 Естеріңізге сала кетейік, премьер-лигада  «Ақтөбе» 33 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында 29 ұпаймен «Астана» болса, одан кейінгі орынды «Шахтер» (21 ұпай) місе тұтты.

 

 
Мақпал ЖҰМАШОВА BNEWS
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×