Премьер-лиганың қос клубы қаржылай қиындыққа тап болды

15.09.2021, 23:21
Қос команданың да турнирлік кестедегі жағдайы мәз емес.
Премьер-лиганың қос клубы қаржылай қиындыққа тап болды

Түркістандық «Тұран» мен қарағандылық ​​«Шахтер» қаржылық қиыншылықтарға тап болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Аталған қос клубта жалақы кешіктірілуде. Футболшылар мен жаттықтырушылар штабы екі айға жуық уақыт бойы жалақы алмаған.

«Шахтер» көп ойыншылармен келісім-шартты бұзғандықтан қиындықтарға тап болды. Жақын арада екі клубтың басшылары ойыншылар, жаттықтырушылар және қызметкерлер алдындағы барлық қарызды қайтарады.

ҚПЛ-дың 20 турынан кейін «Шахтер» турнирлік кестеде 11-орында тұрса, «Тұран» 12-ші орынға жайғасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×