Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасы сәуір айындағы үздік бапкерді анықтау үшін сауалнама жүргізді.
Премьер-лигадағы он төрт команданың бас бапкері қатысқан сауалнамада ең көп дауысты «Ордабасы» командасының бас бапкері Александр Седнев иеленді (6 ұпай). Оның жетекшілігімен шымкенттік команда сәуір айында 3 рет жеңіске жетіп, 1 кездесуді тең аяқтады.
Сауалнамада екінші орынды «Тараздың» бас бапкері Нұркен Мазбаев алса, үздік үштікті «Каспийдің» жаттықтырушысы Николай Костов түйіндеді.
Біздің серіктес: FONBET