ПСЖ-Франция чемпионы!

17.05.2015, 13:10
ПСЖ-Франция чемпионы!
Париждік ПСЖ 2014/2015 маусымның Франциядағы чемпионы атанды. Лоран Блан шәкірттері қонақта "Монпельені" 2:1 есебімен жеңіп, "Лионнан" алты ұпайға ұзап кетті. Ал, чемпионаттың аяқталуына бір тур ғана қалды.   Париждіктер ойынның 17-ші минутында есепте алға шықты. Давид Луис тамаша пасымен Матюидиді қақпашымен бетпе-бет шығарды. Жартылай қорғаушы Лигалиден айласын асырып, қонақтарды алға шығарды. 25-ші минутта Лавесси "ПСЖ"-ның есептегі басымдығын еселеді. Алаң иелері 41-ші минутта бір голмен жауап берді. Гол авторы-Мунье. Осымен "ПСЖ" қатарынан үшінші мәрте Францияның чемпионы атанып отыр. Монпелье - ПСЖ 1:2 (1:2) Голдар: Матуиди, 17, Лавесси, 25 - Мунье, 41. Лион-Бордо 1:1(1:1) Голдар: Фекич, 9-Кривелли,3 Монако-Метц 2:0(1:0) Голдар: Бернарду Силва, 45. Жермен, 88(2:0) Лилль-Марсель 0:4(0:2) Голдар: Жиньяк, 2. Фанни, 26. Алессандрини, 70(0:3). Айю, 76(0:4)

Жарыс кестесі

 

 
1  ПСЖ 37 23 11 3 80-34 80
2  ЛИОН 37 21 9 7 71-33 72
3  МОНАКО 37 19 11 7 50-26 68
4  МАРСЕЛЬ 37 20 6 11 73-42 66
5  СЕНТ-ЭТЬЕН 37 18 12 7 49-29 66
6  БОРДО 37 16 12 9 45-43 60
7  МОНПЕЛЬЕ 37 16 8 13 45-37 56
8  ЛИЛЛЬ 37 15 8 14 39-41 53
9  РЕНН 37 13 11 13 35-41 50
10  ГЕНГАМ 37 15 4 18 40-53 49
11  БАСТИЯ 37 12 11 14 37-43 47
12  НИЦЦА 37 12 9 16 41-51 45
13  НАНТ 37 11 12 14 29-39 45
14  РЕЙМС 37 12 8 17 45-63 44
15  КАН 37 11 10 16 51-53 43
16  ЛОРЬЯН 37 12 7 18 44-49 43
17  ТУЛУЗА 37 12 6 19 41-61 42
18  ЭВИАН 37 11 4 22 39-59 37
19  МЕЦ 37 7 9 21 30-57 30
20  ЛАНС 37 6 8 23 31-61 26

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×