«Пари Сен-Жермен» «Наполидің» жартылай қорғаушысы Фабиан Руисті қатарына қоспақ.
Le Parisien басылымның хабарлауынша, париждік клуб Испания құрамасының ойыншысы үшін 25 миллион еуро төлейді. Тараптар арасындағы келісім-шарт бес жылға жасалады.
Руис бірнеше күн бұрын «Атлетикке» жалдау шарты бойынша ауысқан Андер Эррераның орнын басады.
26 жастағы Фабиан - «Бетис» клубының түлегі. Испаниялық футболшы 2018 жылы «Наполиге» ауысып, содан бері 166 матчта 22 гол соғып, 15 нәтижелі пас берді. Тараптар арасындағы келісім-шарттың аяқталуына небәрі бір жыл қалған еді.
Руис өткен маусымда «Наполи» сапында 38 ойынға қатысып, жеті гол мен бес голдық пастың авторы атанды.
Біздің серіктес: FONBET