"ПСЖ"-ның Ди Марияға қатысты "Манчестерге" ұсынысы дайын

13.07.2015, 16:27
"ПСЖ"-ның Ди Марияға қатысты "Манчестерге" ұсынысы дайын
Аргентиналық футболшыны келер маусымда Парижде көруіміз әбден мүмкін. Ағылшын басылымдарының жазуынша француздық клуб басшылығы Анхель Ди Мария үшін қызыл сойқандарға 47 миллион фунт стерлинг төлеуге дайын. Жақын күндері Манчестерге арнайы ұсыныс жібермек. Ал, Ди Мария айына 185 мың фунт табыс тапқысы келеді. 2014/2015 маусымда 27 жасар футболшы Ағылшын Премьер-Лигасында өткізген 27 ойынында 3 гол салып, 10 нәтижелі пас берген. Еске сала кетсек, былтыр "Манчестер Юнайтед" футболшыны "Реалдан" 60 миллион фунт стерлингке сатып алған еді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×