«Қайрат» Анталияда Гана футбол командалары құрамасын 2:0 есебімен жеңді

03.02.2012, 03:38
«Қайрат» Анталияда Гана футбол командалары құрамасын 2:0 есебімен жеңді
Анталияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Қайрат» Гана футбол командалары құрамасымен жолдастық кездесу өткізді. Бұл ойында алматылықтар Гана аяқдопшыларының қақпасына жауапсыз 2 доп енгізді. Дмитрий Огай жаттықтыратын «Қайрат» футбол клубы бұған дейін 30 қаңтарда Хорватияның «Хайдук Сплит» («Hajduc Split») командасын 1:0 есебімен ұтқан еді. Бүгін олар енді  черногориялықтардың  «Зета» («Zeta»)  клубының ойыншыларымен шеберлік байқаспақ. Ал 5 ақпандағы қарсыласы  Грузияның «Дела Гори» («Dela Gori») командасы болады. Алматылықтардың 27 қаңтарда басталған бұл жиыны 10 ақпанға дейін созылады.  Оған дейін олар 7, 9 ақпанда тағы 2 кездесу өткізу жоспарлап отыр. Әзірге қарсыластардың кім болатыны белгісіз
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×