«Сұңқар» мен «Afyon» футбол клубтары арасындағы жолдастық кездесу 0:0 есебімен аяқталды

03.02.2012, 03:39
«Сұңқар» мен «Afyon» футбол клубтары арасындағы жолдастық кездесу 0:0 есебімен аяқталды
Кеше Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қаскелеңнің «Сұңқар» футбол клубы Түркияның екінші лигасында өнер көрсететін «Afyon» клубымен жолдастық кездесу өткізді. Бұл ойында  екі команда да өз қарсыластарының қақпасынан саңылау таба алмады. Биыл премьер-лигада өнер көрсеткелі отырған Алмас Құлшынбаев жаттықтыратын қаскелеңдіктер жаңа маусымдағы екінші оқу-жаттығу жиынын 27 қаңтарда бастаған болатын. 10 ақпанға дейін созылатын бұл әзірлік кезінде олардың келесі қарсыласы Орынбордың «Газовик» футбол клубы болмақ. Ресейдің бірінші лигасында өнер көрсететін аяқдопшылармен болатын жолдастық кездесу ертең өтеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×