«Қайрат» черногориялық футболшымен келісім-шартты үзді

12.12.2021, 19:49
Дугалич, Миканович, Оганесян секілді ойыншылар да алматылық клубтан кетті.
«Қайрат» черногориялық футболшымен келісім-шартты үзді

Черногория құрамасының жартылай қорғаушысы Небойша Косович «Қайрат» клубынан кетті, деп хабарлайды Kazfootball.kz.

26 жастағы футболшының алматылық клубпен келісім-шарты 2022 жылдың соңына дейін есептелген. Бірақ қос тарап өзара мәміле бойынша ынтымақтастықты мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Косович «Қайрат» командасына 2019 жылдың наурыз айында қосылған еді. Содан бері 72 ойын өткізіп, 9 гол мен 10 нәтижелі пасты өз атына жазды. Алматылық клубпен бірге Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогін жеңіп алды.

Небойша Черногория құрамасының белді ойыншысы болып табылады. Өз елінің басты командасы үшін 32 матчқа қатысып, бір рет мергендік танытқан.

Айта кетейік, «Қайрат» сапында өнер көрсеткен Раде Дугалич, Дино Миканович және Камо Оганесян да мансабын басқа командада жалғастырмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×