"Қайрат" финалға жолдама алды

25.04.2015, 07:09
"Қайрат" финалға жолдама алды
Португалия астанасы Лиссабон қаласында бүгін ғана басталған, Уефа кубогінің ақтық кезеңінде Алматының "Қайраты", көрші Ресейдің чемпиондары Дина командасымен алғашқы жартылай финалда кездескен болатын. 12000 жанкүйерді қабылдайтын, "Мео-Арена" деп аталатын тамаша спорт кешенінде оңтүстік астаналық ұжым 7:4 есебімен басым түсті. Отандастарымыздың қарсыласы алаң қожайындары "Спортинг" пен Испанияның атақты "Барселона" командаларының арасындағы матчтан кейін анықталатын болады. Ал, финал дәл осы кешенде жексенбі күні өтеді. УЕФА . Жартылай финал. "Дина"-"Қайрат"-4:7(0:1) Голдар: Эскердинья 24, 39, Прудников 40 - Лео 11, 36, 39, 50, Диваней 41, Дуглас 46, Лукаян Дина: Зуев, Карлиньос, Эскердинья, Хамадиев, Алемао, Трушкин, Заболонков, Кузенок, Главватских, Мишарин, Прудников, Агапов, Кутузов, Сутин. «Кайрат»: Игита, Игор, Лукаян, Дуглас, Диваней, Маркао, Умберто, Жаманқұлов, Жоан, Сүлейменов, Лео, Першин, Алешандре, Кайо. Төрешілер: Саса Томич, Богдан Сореску, Габор Ковач. 24 апреля 2015г. Мео-Арена, Португалия. 4000 Естеріңізге сала кетсек, "Қайрат" футзал клубы 2013-ші жылы УЕФА кубогінің жеңімпазы атанған болатын. Тбилисиде өткен турнирдің финалында мәскеулік "Динамоны" 4:3 есебімен тізе бүктіріп, тарихында тұңғыш, және қазірше соңғы рет Еуропа футзалындағы басты жүлдеге қол жеткізген еді.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×