«Қайраттың» 20 жастағы жартылай қорғаушысы Әділет Садыбеков УЕФА Ұлттар лигасының алтыншы туры аясында Әзірбайжанмен болған матчта (0:3) Қазақстан құрамасыедағы дебюттік ойынын өткізді.
Садыбеков алаңға 80-минутта Аслан Дарабаевтың орнына шығып, 3 минуттан кейін сары қағаз алды.
Айта кетейік, жартылай қорғаушы осы жолы Қазақстан құрамасына алғаш рет шақыртылды.
Садыбеков «Қайраттың» негізгі командасында маусым айының соңынан бері өнер көрсетіп келеді. Ал Қазақстан чемпионатындағы дебютін шілде айында «Ақжайықпен» болған ойында (2:0) жасаған болатын.
Біздің серіктес: FONBET