Сергей Малый ұлттық құрамадағы мерейтойлы ойынын өткізді

26.09.2022, 20:16
Қорғаушы ең көп матч өткізген ойыншылардың үздік үштігіне енді.
Сергей Малый ұлттық құрамадағы мерейтойлы ойынын өткізді

«Тобылдың» қорғаушысы Сергей Малый Ұлттар лигасы аясында Әзeрбайжанға қарсы ойында (0:3) Қазақстан ұлттық құрамасындағы 60-шы ойынын өткізді, деп хабарлайды қостанайлық клубтың баспасөз қызметі.

Сергей Малый ұлттық құрамадағы дебюттік матчын 2014 жылы 5 наурызда Литваға қарсы жолдастық ойында өткізді.

Қазақстан құрамасында ең көп ойын өткізген футболшылар:

1. Самат Смақов – 76 матч;

2. Руслан Балтиев – 73;

3. Сергей Малый – 60;

4-5. Нұрбол Жұмасқалиев – 58;

4-5. Юрий Логвиненко – 58.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×