Магомед Адиев ұлттық құрама тарихындағы бапкерлерді басып озды

26.09.2022, 22:58
Адиевтің жетекшілігімен ұлттық құрама алты матчтың төртеуінде жеңіске жетті.
Магомед Адиев ұлттық құрама тарихындағы бапкерлерді басып озды

Ресейлік маман Магомед Адиев жетекшілік ететін Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының осы маусымында төрт рет жеңіске жетті.

Бұл Қазақстанды жаттықтырған бапкерлер арасындағы ең жақсы нәтиже. Адиевтің баптауымен ұлттық құрама алты матчтың төртеуінде жеңіп, бір рет тең ойнады, бір ойында жеңілді. Жалпы команданың жеңіске жету көрсеткіші 67 пайызды құрады.

Қазақстан УЕФА-ға кіргеннен кейін жеңіске жету көрсеткіші бойынша жақсы нәтиже көрсеткен бапкерлер тізімі мынадай:

  1. Магомед Адиев – 67% (6 матч)
  2. Андрей Карпович - 50% (2 матч)
  3. Станимир Стойлов – 33% (9 матч)
  4. Михал Билек - 28% (15 матч)
  5. Бренд Шторк – 22% (14 матч).
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×