«Қайрат» футболшысы Қазақстан құрамасында дебют жасады

26.09.2022, 17:52
Жас футболшы алаңға шыға салып, сары қағаз алды.
«Қайрат» футболшысы Қазақстан құрамасында дебют жасады

«Қайраттың» 20 жастағы жартылай қорғаушысы Әділет Садыбеков УЕФА Ұлттар лигасының алтыншы туры аясында Әзірбайжанмен болған матчта (0:3) Қазақстан құрамасыедағы дебюттік ойынын өткізді.

Садыбеков алаңға 80-минутта Аслан Дарабаевтың орнына шығып, 3 минуттан кейін сары қағаз алды.

Айта кетейік, жартылай қорғаушы осы жолы Қазақстан құрамасына алғаш рет шақыртылды.

Садыбеков «Қайраттың» негізгі командасында маусым айының соңынан бері өнер көрсетіп келеді. Ал Қазақстан чемпионатындағы дебютін шілде айында «Ақжайықпен» болған ойында (2:0) жасаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×