Джанни Де Бьязи: «Қазақстан көп командаға алаңда қалай күресу керектігін көрсетті»

26.09.2022, 17:04
Матч соңында қос команданың бас бапкері бір-бірін құттықтап, татуласты.
Джанни Де Бьязи: «Қазақстан көп командаға алаңда қалай күресу керектігін көрсетті»

Әзeрбайжан құрамасының бас бапкері Джанни Де Бьязи УЕФА Ұлттар лигасының соңғы туры аясында Қазақстанмен болған ойынға (3:0) қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azerisport.

- Соңғы матчтарда сіз төрт қорғаушы жүйесіне ауысып, жалпы тактиканы өзгерттіңіз, нәтиже жаман болған жоқ.

- Сапалы ойын көрсетіп, аз қателескенімізге сенімдімін. Мүмкіндіктерді тиімді пайдаландық. Екінші тайм көңілімнен шықты. Барлық матчтарда жақсы ойнадық. Біз дұрыс жолда келе жатырмыз.

– Қазақстанды қызыл қағаз алмағанда жеңе алар ма едіңіз?

- Біз алғашқы минуттардан-ақ басымдыққа ие болдық. Мүмкін бірінші таймда қауіпті шабуылдарды аз жасаған шығармыз, бірақ қос қапталымыз жақсы жұмыс істеді. Ойыннан кейін Қазақстан құрамасының бапкерімен сөйлесіп, құттықтадым. Қазақстан көп командаға алаңда қалай күресу керектігін көрсетті.

– 2020 жылғы команда мен қазіргі команданың айырмашылығы неде?

- Оны өзіңіз де көріп отырсыз. Әзербайжан қатарынан үш кездесуде қанша рет жеңіске жетті? Біз өзіміздің қолымыздан келетін мақсаттарға ұмтылуымыз керек. Бізде жас ойыншылар өте көп. Оларға әрі қарай да сенім артуымыз қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×