Магомед Адиев: «Бүгінгі жеңіліс осал тұстарымыздың бар екенін көрсетті»

26.09.2022 01:08 Ұлттық құрама

Соңғы екі ойында Адиев Абылайхан Жұмабек пен Әділет Садыбековтің дебют жасауына мүмкіндік берді.

Магомед Адиев: «Бүгінгі жеңіліс осал тұстарымыздың бар екенін көрсетті»

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев УЕФА Ұлттар лигасының соңғы турында Әзірбайжанмен болған ойынды (0:3) қорытындылады:

- Жақсы ойынмен құттықтаймын. Қарсылас жеңіске жетті. Матчтан кейін Джанни Де Бьязиді құттықтадым. Сіздердің өз жолдарыңыз, біздің өз жолымыз бар.

- Бұл ойында командаңызға мотивация жетіспеді ме?

- Киім ауыстыратын бөлмеде қай тұсты жақсарту керектігін айттым. Бізге өз күшімізді қалпына келтіру қажет. Бұл матчта жақсы ойнау үшін физикалық жағынан күш жетіспеді. Соңғы турдан кейінгі эмоциялардан кейін психологиялық тұрғыдан қалыпқа келу қиын болды. Біз әлсіз ойнадық.

- Топтық кезеңдегі нәтижеге көңіліңіз тола ма?

- Бүгінгі жеңіліс маған ауыр тиді. Бір жағынан осылай болғанына да қуаныштымын. Әрі қарай даму үшін ойланатын және талдау жасайтын дүниелердің бар екенін көрдік. Жалпы алғанда, турнирлік кестедедегі позициямыз бен жеткен жетістігімізге көңілім толады. Біз үшін бұл алға жасалған үлкен қадам. Бүгінгі жеңіліс осал тұстарымыздың бар екенін көрсетті.

- Бүгін дебют жасаған Әділет Садыбеков пен Абылайхан Жұмабектің ойынына қандай баға бересіз?

- Бірдеңе деп айту қиын, себебі екеуі де аз ойнады. Мен бапкер ретінде кейбір ойыншыларды тексеріп көргім келді. Оларға тек жаттығуда ғана емес, осындай маңызды матчтарда да өздерін көрсетуге мүмкіндік бердім. Жалпы алғанда, алғашқы ойыны жаман емес деп айта аламын.

Бізде Бақтиер Зайнутдинов Беларусьпен болған ойында жарақат алып қалды, сондықтан бүгінгі матчқа қатыспады. Оның толық қалпына келуі үшін бірнеше апта қажет.

0 пікір