«Қайрат» ганалық жартылай қорғаушы Ибрахим Моромен келісімшарт жасады

25.12.2014, 20:45
«Қайрат» ганалық жартылай қорғаушы Ибрахим Моромен келісімшарт жасады
Алматының «Қайрат» футбол клубы ганалық футболшы Ибрахим Моромен келісімшартқа отырды. Келісім 1+2 жүйесі бойынша жасалды. 21 жастағы жартылай қорғаушы бұған дейін  Швецияның «АИК» клубында өнер көрсетті. Осы маусымда 23 ойынға қатысып, 2 голдың авторы атанса,  4 рет нәтижелі пас шығарған. Енді Қазақстан премьер-лигасында доп тебеді.  Ибрахим Моро бұған дейін де қазақстандық клубтарға қарсы ойнаған. Естеріңізге  сала кетейік, Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Астана» мен «АИК» клубтары кездесіп, қос матч қорынтындысында 4:1 есебімен жеңіске жеткен елордалық клуб плей-офф сатысына жолдама алған болатын. Сол екі матчта да ганалық футболшы алаңғы шықты.  Моро маусымаралық үзілісте «Қайратқа» келген екінші жаңа ойыншы болып отыр. Жақында команда құрамын «Жетісудан» ауысқан қақпашы Владимир Плотников толықтырған еді. Айтпақшы, Гана ұлттық құрамасының бас бапкері Авраам Гранттың  2015 жылғы Африка Кубогының қарсаңында жариялаған команданың кеңейтілген құрамында Ибрахим Моро да бар.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×