«Қайрат-Мәскеу» бір ұпайды қоржынға салды

14.09.2021, 17:17
Бұл ойында да «Қайрат» ойыншысы алаңнан қуылды.
«Қайрат-Мәскеу» бір ұпайды қоржынға салды

«Қайрат-Мәскеу» ФНЛ-2-нің оныншы турында «Чита» командасымен 1:1 есебімен тең түсті.

Ойынның 18-минутында Максим Галиев есеп ашқан еді, бірінші тайм аяқталар тұста Никита Мацхарашвили жауапты голды соқты. Ал кездесудің 80-минутында «Қайрат-Мәскеудің» жартылай қорғаушысы Антон Крачковский қызыл қағаз алды.

«Қайрат-Мәскеу»: Дінмұхаммед Жомарт (қ) - Лев Кургин, Дамир Қасаболат, Равиль Ибрагимов, Әлібек Жұмабек - Рустам Эмиров (к), Антон Крачковский, Андрей Савинов - Дархан Мәделхан, Сергей Пряхин, Никита Мацхарашвили;

Қазіргі уақытта «Қайрат-Мәскеу» екінші орынға табан тіреді. Евгений Коструб шәкірттері сегіз ойында 14 ұпай жинады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×