«Қайрат-Мәскеу» «Фенербахчеде» ойнап жүрген қазақстандық футболшыны қатарға қосты

10.09.2021, 14:39
Футболшы көктемде Қазақстан жастар құрамасына шақырту алған еді.
«Қайрат-Мәскеу» «Фенербахчеде» ойнап жүрген қазақстандық футболшыны қатарға қосты

18 жастағы қорғаушы Микаэль Асқаров «Қайрат-Мәскеу» футбол клубына ауысты. Бұл туралы FenerEpik порталы хабарлады. Бірақ келісім-шарттың мән-жайы туралы ешқандай ақпарат берілмеді.

Асқаров бұған дейін «Фенербахченің» 16, 17 және 19 жасқа дейінгі командаларында ойнаған.

Микаэль Шымкентте дүниеге келді, ол жерде 2011 жылға дейін тұрды. Содан кейін ол отбасымен бірге Түркияға қоныс аударды, бірақ Асқаровта Қазақстан азаматтығы бар. Көктемде ол Қазақстан жастар құрамасына Antalya Cup-2021 халықаралық турниріне қатысу үшін шақырту алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×