Қайрат Нұрдәулетов: «Намысқа тырысатын боламыз»

23.03.2013, 01:43
Қайрат Нұрдәулетов: «Намысқа тырысатын боламыз»

Бүгін түнде «Астана-Арена» жанкүйерлерге лық толмақ. Көрермендердің алды күн бата стадионға ағыла бастады. Қазақстан-Германия матчына билеттердің барлығы сатылып кеткен. Жауапты кездесуге футболшыларымыз да тас-түйін дайын. Тап осы ойын алдында Ұлттық құраманың капитаны Массагет тілшісіне  сұхбат берген болатын. Қайрат өзің команда капитанысың. Алдағы жауапты ойында құрама алдында қандай тапсырма жүктелді? Біріншіден жақсы ойын көрсету. Бәрі түсінетін шығар бұл ойында Германия фоварит екенін. Сондықтан біз намысқа тырысамыз, қолдан келгенін істейміз. Германиямен жеңіліп қаламыз деп шықпаймыз. Жақсы ойын көрсетуге тырысамыз. Жанкүйерлердің ойында бір үміт, бір күдік бар. Сол күдікті жоюға мүмкіндік бар ма? Мүмкіндік бар, неге жоқ болу керек? Футболда бәрі болады ғой! Алаңға шыққаннан кейін бәрі болуы мүмкін. Кім біледі, жеңіп кетуіміз де ғажап емес. Тең ойнауымыз да мүмкін. Сондықтан бәрін күтуге болады менің ойымша. Біздің команданың өзіндік артықшылықтары  бар шығар. Мәселен, жасанды алаңда ойнаймыз, жасанды шөпте.  Сол тұрғыдан алғанда жылдамдықта алдын орап кетуге бола ма немістердің? Меніңше, болатын сияқты. Олар мұндай алаңда ойнап көрген жоқ. Екінші ден, кішкене менсінбей шығуы мүмкін. Бірақ, Германия құрамасы өйтіп ойнамайды. Қазақстан болсын, Испания болсын, Франция болсын олар бірқалыпты ойын көрсетеді. Өзің енді көбіне қорғанысқа жауаптысың.  Немістердің жартылай қорғанысы мен шабуыл шебі өте мықты. Гомес, Подольский, Мюллер бар. Солардың қарқындарын тежеу үшін қандай қадамдарға бару керек? Енді олармен бірге-бір ойнау қиын. Сондықтан, бір-бірімізді страховаться етпесек қиын. Біз енді 80 процент артта ойнайтын шығармыз. 80-де көп болуы мүкін. Бірден-бір ғана емес, бір ойыншыға екі ойыншыдан барып. Бізге көп қимылдау керек. Біздің футболшылардың гол соғуға шама-шарқы жетеді. Жамбыл Көкеев ағылшындарға, Ұлан Қонысбаев  түріктерге, өзің ирландияға қақпасына гол соқтың. Ендіге неге немістерге гол соқпасқа деген ой келеді.. Неге соқпасқа, соғамыз. Жанкүйерлер қолдау көрсетсе. Рахмет, әңгімеңізге!  Алдағы ойында сәттілік тілейміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×