«Қайрат» пен «Атыраудың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталды

31.08.2021, 01:56
«Атырау» барлық ойындарын Словенияда, ал алматылық клуб Италияда өткізеді.
«Қайрат» пен «Атыраудың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталды

«Қайрат» пен «Атырау» футзал клубтарының Чемпиондар лигасының топтық кезеңдегі қарсыластары анықталды.

«Атырау» Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Спортинг Лиссабонмен» бір топта ойнайды. Сондай-ақ бұл топта «Добовец» (Словения) пен «Аньер-Вильнев» (Франция) клубтары бақ сынайды.

Төртінші топтағы Қазақстан чемпионы «Қайраттың» қарсыластары «Тюмень» (Ресей), «Пезаро» (Италия) мен «Пльзень» (Чехия) болады.

Негізгі тур матчтары 26-31 қазан аралығында өтеді: «Атырау» барлық ойындарын Словенияда, ал алматылық клуб Италияда өткізеді. Келесі кезеңге әр топтан 3 клуб шығады

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×