«Қайрат» пен «Телеоптик» арасындағы жолдастық кездесу 0:1 есебімен аяқталды

10.02.2012, 22:38
«Қайрат» пен «Телеоптик» арасындағы жолдастық кездесу 0:1 есебімен аяқталды
  Түркияда кезекті оқу-жаттығу жиынында жүрген  «Қайрат» футбол клубы кеше соңғы жолдастық кездесуін өткізді.
 Алматылықтардың бұл жолғы қарсыласы Сербияның Бірінші лигасында өнер көрсететін Белград қаласының  «Телеоптик» командасы болды. Онда Дмитрий Огай жаттықтыратын қазақстандық аяқдопшылар сербиялықтардың осал тұсын таба алмай, 0:1 есебімен есе жіберді. Бұған дейін олар өткен маусымдағы Беларус чемпионатының қола жүлдегері саналатын Гомель қаласының «Гомель» командасына да дәл осындай есеппен жеңіліп қалған болатын.  Анталиядағы өз жиынын аяқтаған алматылықтар ертең елге  қайтып оралмақ.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×