«ҚАЙРАТ» ҚАТАРДАН ШЫҒЫП ҚАЛДЫ

29.07.2014, 04:13
«ҚАЙРАТ» ҚАТАРДАН ШЫҒЫП ҚАЛДЫ

493b5d807075a5f21b52bc5c35b9b033Ал «Шахтер» мен «Астана» келесі айналымда. Футболдан УЕФА-ның Еуропа лигасының іріктеу турнирінің екінші кезеңі аяқталды. Осы межеге Қазақстанның үш бірдей командасы жеткені белгілі. Бұл жолы «Шахтер» өз алаңында өнер көрсетсе, «Қайрат» Данияға сапар шекті. Ал Кипрде «Астана» Тель-Авивтің «Хапоэль» клубымен күш сынасты.

Балтық жағалауында өткен кез­де­суде есеп ашылмаған еді. Сол себепті қа­рымта матчта «Шахтердің» басым­-дық танытатынына ешкім күмәнданған жоқ. Қанша дегенмен, былтырғы Еуро­лига маусымында қарағандылықтар талайларға таңдай қақтырды емес пе? Алайда Клайпеданың «Атлантс» клубы­ның ойыншылары қорғаныста өте са­уатты ойнап, бірінші таймда алаң ие­лерінің еркін ойқастауына мүмкіндік бермеді. Тіптен қауіпті жағдай туындай қалғанның өзінде, Виктор Кумыковтың шәкірттеріне дәлдік жетіспеді. Бір сөз­бен айтсақ, «Шахтер» қанша талпын­ғанымен, үзіліске дейін Мантас Галди­кас қорғаған қақпаның кілтін таба ал­­мады.

Ойын өрнегі екінші таймда түбе­гейлі өзгерді. Төрешінің ысқырығы ес­тіл­ген бетте «Шахтер» бірден шабуылға көшті. Осы шабуылдың нәтижесінде жерлестеріміз бұрыштама добын орын­дау мүмкіндігіне ие болды. Бұл міндет Андрей Финонченкоға жүктелді. Фи­нон­ченко көтерген допқа Михрет Топ­чагич бірінші болып жетті – 1:0. Осы голдан кейін қарағандылықтар еркін қимылдай бастады. 57-минутта Ұлан Қонысбаев нысананы дәл көздеген еді. Төреші оффсайд белгіледі. Алайда Ұлан командаластрымен бірге қарқынын еш бәсеңдетпей, арада төрт минут өткенде екінші голды соқты – 2:0. Ал бәсекенің аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Роман Мұртазаев матчтың соңғы нүк­тесін қойды. Есеп – 3:0.

Өз алаңында Тель-Авивтің «Ха­поэль» клубын 3:0 есебімен ойсырата ұт­қан «Астана» қарымта матчқа кө­теріңкі көңіл-күймен аттанды. Кипрде өткен кездесуде олар барынша сал­қын­қандылық танытып, ойын тізгінін қар­сы­ластарына бермеуге тырысты. Матч­тың алғашқы жартысында қос ко­ман­-

даның да допты торда тулатуға жақ­сы мүмкіндіктері болды. Жер­лес­теріміз үш-төрт мәрте қауіпті шабуыл ұйым­дастырды. Екі рет Абзал Бейсебеков пен бір рет Рохер Каньястің тепкен добы нысанадан сәл қисық кетті. Израильдік клубтың ойыншылары арасынан Лу­кас Саша, Исраэль Заугури және Шоваль Гозлан белсеңді көрінді. Бірақ оларға да дәлдік жетіспеді.

57-минутта Виктор Дмитренко Гиль Вермутқа қарсы дөрекі ойнап, төреші

11 метрлік айып добын белгіледі. «Ха­поэльдің» жартылай қорғаушысы Саша біздің қақпашы Ненад Эричті оп-оңай алдады – 1:0. Одан әріге Тель-Авив футболшыларының әлі жетпеді. Бұл ойында ұтылғанына қарамастан, «Ас­та­на» үшінші айналымға жолдама алды.

Еуропа лигасының алғашқы кезеңін тәп-тәуір өткізген «Қайрат» алысқа ша­ба алмады. Өз алаңында Данияның «Эсьбергімен» тең ойнаған алматы­лық­тар қарымта кездесуде бір доп айырма­шы­лығымен ұтылып қалды. Жалғыз голдың авторы – Якоб Анкерсен. Ол 38-минутта мергендік танытты. Содан кейінгі уақытта қазақстандықтардың да, даниялықтардың да таблодағы есепті өзгертуге мүмкіндіктері болды. Бірақ олардың бұл әрекетінен еш нәтиже шық­пады. Жасыратыны жоқ, бұл матч­та «Қайрат» тым сүреңсіз ойнады. Олар бірнеше рет өте жақсы шабуылдар ұйымдастырғанымен,соңғы сәтте соқ­қы бағыттай алмай әлекке түсті. Кей кез­де ойыншыларға жылдамдық же­тіспесе, кей кезде салқынқандылық таныта алмады. Есеп – 0:1. «Қайрат» үшін биылғы Еуродода аяқталды.

Чемпиондар лигасындағы «Ақтө­бенің» қарқыны керемет болды. «Шах­тер» мен «Астана» да Еуропа лигасы бәсекелерінде өздерін жақсы қырынан көрсете білді. Осылайша, Қазақстанның үш бірдей командасы дүбірлі доп додасының үшінші кезеңде күш сынасу мүмкіндігіне ие болды. Енді «Ақтөбе» Румынияның «Стяуасымен» кездеседі. «Шахтер» Хорватияның «Хайдугына» қарсы шығады. Ал «Астана» Швецияның АИК клубымен шеберлік байқасады.

Айқын газеті

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×