Никосиялық «Омония» УЕФА Конференция лигасының алғашқы турында алматылық «Қайратпен» болатын матч алдында бірнеше ойыншысынан айырылды.
Кипрлік команданың Қазақстанға үш ойыншысы бара алмайды. Жарақатына байланысты қорғаушы Иоаннис Кусулос пен жартылай қорғаушылар Эрик Ботеак пен Миккел Дискеруд бұл матчқа қатыспайды.
Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» пен «Омония» арасындағы Конференция лигасының топтық кезеңіндегі матч 16 қыркүйекте Алматының «Орталық» стадионында өтеді.
Біздің серіктес: FONBET